akshaҚазақтар мән бермейтін немесе менсінбейтін, бірақ ақшаны «қырып» алатын кәсіптер.

Қазақтар еліктеуші халық.. Бала сиақты көрінген сыртынан жылтыраған «затқа» көңілі ере береді. Кәсіп таңдағанда да осы дертінен шыға алмайды. Бұл салада ең басты ауыруы – «жоғары білімді диплом» деген қағаз алу. Кеңірек алғанда оқудың жаманы болмайды. Бірақ  оқу таңдағанда ішкі ынтаны, жан қалауын арқау ету керек қой. Біздің қазақ осыны мүлдем ұстанбайды. Оқуға барғанда жалған престижді ойлайды. Кейін, сол себептен, аузы қатты ұрылады. Осыған айғақ қаншама жасанды дипломы бар іс жізінде жоқ «юристер» мен «экономисттер» жұмыс таба алмай жүр. Өйткені олар ынтасын салып таңдаған кәсібн меңғерген жоқ.. Олар студент кезінде басқа «кәсіптерді» уақытын аямай меңғерді – кафеге барушылықты, арақ ішулікті, кездейсоқ жыныстық катысушылықты, жалпы айтқанды «өмір өртеушілік» деген кәсіп.

Нарықтық заман болғандықтан, олардың көбі оқуын ақша төлеп оқыды. Іс жүзінде оқымаған соң әр сессияса «разводить» ету үшін тағы 20-50 мың теңге берді. Жылына 40-100 мың. Бәрін қосқанда жылына 200-300 мың тенге. 4-5 жылда 800мың-1,5 миллион теңге шығындады. Соңында қандай нәтижеге тап болады? Төрт-бес жылын босқа кетіріп, көбісі жұмыс таба алмай базарға барады. Ең «озғандары» айына 25-30 мың оклады бар мемлекеттік қызыметке зорға ілігеді. Сол қызметінде еуропалық бастықтарынан таяқ жейді. Алатын ақшасынан салық төлейді. Жұмыстағы әріптестерінде бірдеңе болса – жазылады. Сол окдады толығымен қолына тимейді.

Енді қазаққа қарапайым болып көрінетін, бірақ табысы мол екі кәсіпті көрейік. Бұл екеуі бір бірімен сабақтас. Бірақ сабақтастығы кейін түсінікті болады. Ең алдымен қарайтын кәсібіміз – парикмахер. Бұл сөздін қазақша баламасы шаштаразшы. Менің ойымша қазақша сөзінің мағнасы әлдеқайда төмен және жіңішке. Оның бір себебі (бұл басты себеп)  осы кәсіпке қазақтың ден бермеуі. Тағы бір себебі орыс сөзі деп безінуі. Біріншіден бұл орыс сөзі емес, неміс сөзі – мағнасы парик жасайтын шебер. Сондықтан қазақша шашшебері деп алған дұрыс деп есептеймін. Екіншіден бұрын қазақтар жерімізде өзімен өзі тұрғанда осы кәсіппен айналысатындар өз арамыздан шықты ғой.

Шашшеберінің жолы қалай басталады? Екі жол бар. Біріншісі – 9-шы сынып бітірген соң кәсіби колледжге бару. Екіншісі – жеке курстарға бару. Колледждерде орта білім алу мен қатар үш жыл ішінде 18 жасында кәсіпті меңгереді. Жеке курстарда мектеп бітірген соң 6-10 ай ішінде 18 жасында куәлік алады. Шығыны колледжде —  теңге. Жеке курстарда 10000 – 15000 теңге.

Содан кейін жұмысқа кіріседі. Ең қиыны бірінші жыл. Бұл кезде көбі шыдамай тастап кетеді. Ең біріші екі жылын тастамай шыдау керек.  Содан соң жеңіл болады. 3-4 жылда шеберлік дәрежеге көтерілуге  болады. Бұл оның 21-22 жасы. Келесі 3-4 жылда оның тұрақты клиенттік базасы қалыптасады. Одан кейін шашшебері басты табысын үйде табады. Клиентері алдын ала жазылып үйіне келетін болады. Тіпті басқа қаладан шаш алу үшін келетін клиенттері болады. Бұл кезде жақсы шашшебері күніне ең кемінде 10 мың теңге табады, айына 200-300 мың теңге – 2,5-3 мың АҚШ доллары. Жылына 30-36 мың  АҚШ доллары. 25-26 жасында. Үйінде қабылдағандығынан сол табысынан салықта төлемейді. Мемлекеттік жұмысына осы жасында зорға ілігіп, жас маман болып мектепте жүрген, қазақ қыздарымен салыстырып көріңіз. Табыс жағынан кім ұтады? Кім пәтер алады? Кім, өз ақшасына сатып алған, автокөлік мінеді? Өзін өзі кім күте алады? Сол сұлулық салондарға барып сырт пішінін қуыршақтай сүйкіді қылуға кімнің ақшасы жетеді?

Тігіншінің жолы да осыған ұқсайды. Бірақ басында шығыны көбірек. Өйткені тігетін машиналар алу керек. Бірақ 25 жасында олда қомақты ақша таба алады. Жақсы тігінші-шеберлер айына 2,5-мың АҚШ долларын таба алады. Бірақ осы жетістіктер бұл кәсіптердің шегі емес, керісінше ең төменгі сатысы.

Қазақтың сұлу қыздары сериалдардан бай адамдардың өмірін көріп, жақсы жерге тұрмысқа шықсам деп армандайды. Бай жігіттермен танысқысы келеді. Бірақ олармен қай жерде кездеседі? Ол қыздың әдемі, әдепті, жақсы екенін бай жігіттер қайдан біледі? Қайдан табады? Түсіне кіре ма?  Осы жағын алғанда, шашшеберлері мен тігінші-шеберлері әлдеқайда ұтымды жағдайда. Өйткені министр шашын алады, банкир шашын алады, бизнесмен шашын алады, прокурор шашын алады. Министр киім киеді, банкир киім киеді, бизнесмен киім киеді, прокурор киім киеді. Оның үстіне Астанадағы бай адамдар баратын элиталық сұлулық салондарының және ательелердің бағасы бізге қарағанда 10-20 есе қымбат. Шаш алу уақыты 20-30 минут. Киім тіктіргенде, адам біршеше рет өлшеуге келеді. Сол уақытта сөйлеспй тұрмайды. Осы сөйлескенде қуыршақтай сыланып тұрған сұлу қыздың ішкі дүниесі көрінеді ғой. Бай адамға тұрмысқа шығудың бұл тікелей жолы. (Әдісін, керек болып сұрасаңыздар, мен айтып бере аламын)

Бұл шашшеберлерімен тігінші-шеберлердің жалғыз мүмкідігі емес. Тігінші  шеберлерінің тұрақты клиенттеріне балдық билерімен айналысатындар жатады. Олар неше түрлі бәсеке конкурстарға қатысады. Әр биге өз киімі арналады. Сол киімдерді тіктіру үшін әйел партиясын билейтін партнерша өте көп шығындалады. Ақша айналымы өте зор мода индустриясын естен шығаруға болмайды. Мода саласында осы екі кәсіп, жоғары айтып кеткенімдей, бірімен бірі тығыз байланысады, табысы деңгейленіп өседі. Мода саласында осы екі кәсіпке маникюр, педикюр, визаж және массаж жасайтын, сол баяғы сұлулық салондарында өмір жолын бастайтын шеберлер қосылады. Кейбір асқан педикюр шебері 2,5-3 сағат ішінде қызмет көрсету үшін 100 АҚШ $ алатын көрінеді. Сол уақыт ішінде қатарымен 4-5 клиент қабылдайды. Уақыттары 1-2 ай бұрын белгіленген. Бай клиенттері алдын ала жазылады. Ақша табу жүрісі өндірістік мекемеге сәйкес үзілмес ағын болып қойылған. Табысын өзініз есептеңіз. Осы салаларға қазақ қыздары келіп, аралас еуропалық тұрғындарын толығымен ығыстырмай, қазақ халқы толық қанды байымайды.

Нәзік қолды қыздарымыз туралы айтып өттік. Темір қолды жігіттерімізге көшейік. Олардың жағдайы тура сол қыздарымыз сияқты. Әрине  мүмкідіктері қыздарға қарағанда кеңірек. Полиция, әскер, күзетшілік қосылады. Табыс мөлшері сәл қана көбірек.

Дәуір Шәкіржан — Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Қарағанды филиалының директоры, ҚХЕҚтің құрметті мүшесі. Жол ашушы. Адамның ақша каналын күйге келтіруші.